Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Қызметалушы әйелдерге діни ағарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

2018 жылдың 25 шілде күні «Үміт» Дағдарыс орталығында» Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының психолыгы Г.Мырзакулова және «Нұр-Астана» орталық мешітінің имамы А.Серікбаевтың қатысуымен қызметалушы әйелдерге діни ағарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Түсіндіру барысында қызметалушыларға Имам адамдардың тоталитарлық діни ұйымдардың әсеріне түсетін себептерді атап өтті.

Отбасындағы психологиялық тұрақсыздықтан, тұрақты жұмыс орны мен материалдық игіліктердің жетіспеушілігінен, әлеуметтік дағдарысқа ұшыраған әйелдердің қиын кезеңдерін қолдана отыра, жедел және кешенді медициналық көмек көрсету арқылы деструктивті дін - өз қызметтерін арттыру мақсатында қолайлы жол болып табылады. Осы жағдайды қорытындылай келе, деструктивті ағымдарды ұстанған жағдай салдарынан адамның дүниетанымын өзгеруі және жеке тұлға ретінде жойылу мүмкін  екені  туралы орталықтағы қызметалушыларға ескерту жасалды.