Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Еңбек терапиясы

Еңбек терапиясы - балаларды әлеуметтік ортаға бейімдейді, қоғаммен қарым-қатынас жасауға, өзін өзі дербес ұстау дағдыларын арттыруға оқытады. Орталықтың балаларына өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, өз бетінше ойлау қабілетін дамытуға, еңбекке деген сүйіспеншілікті және шешім қабылдауға еңбек терапиясы бойынша маман Жолдасова С.С. көмектеседі.

2018 жылдың 18 шілде күні Салтанат Сабаншықызы, балалармен бірге махаббатты білдіру символы – жүрек демекші, өз қолдарымен қағаздан жүрек жасады. Барлық балалар бір команда болып бір-біріне көмек көрсетті және олармен жайдарлы бұйымдарға арналған бұрышымызды безендірді.