Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан комиссия мүшелерімен “Үміт” дағдарыс орталығының қызмет алушыларымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады.
Кездесу барысында орталық директоры Куканбеков Галихан Ихсанұлы орталықта тұрып жатқан әйелдердің әлеуметтік, құқықтық және психологиялық сипаттағы өзекті мәселелерін ортаға салды. Қызмет алушылардың әрбір өтініші мен ұсынысы мұқият тыңдалып, нақты жағдайлар бойынша тиімді шешу жолдары қарастырылды.