26 ақпан күні Астана қаласының “Үміт” дағдарыс орталығы КММ-сінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысып, “Таза Қазақстан” акциясы аясында қоршаған ортаны тазалауға өз үлестерін қосты.
✅Орталық ұжымы қаланы таза ұстау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын айқын түсініп, сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындарды жинастыру жұмыстарын атқарды.