Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесі өтті

?2021 жылдың 5- наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.!


?Іс-шара барысында «Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма» басшысының орынбасары Айгерім Абдуқалиқызы және орталығымыздың директоры Галихан Ихсанұлы қызмет алушыларды мерекемен құттықтап, Алғыс хаттармен, гүл шоқтарын табыстады.

✅Аталған іс-шарада Орталығымыздың қызмет алушылары мен бүлдіршін балаларымыз өнер көрсетті, Сонымен қатар, мерекелік концертімізге арнайы қолдау көрсетіп келген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академия филармониясының және Нұр-Сұлтан қаласы «Наз» би театр өнерпаздарына Алғыс білдіреміз!