Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Арт-терапия көмегімен ішкі қорқыныштарды жою

Центр психологі Макенова Т.Е. қызымет алушыларға «Арт-терапия көмегімен ішкі қорқыныштарды жою» тақырыбында тренинг өткізді

Тренинг барысында әр қатысушыға өзінің ішкі дүниесіне үңіле отырып, ішкі қорқыныштарымен танысу, оны өз өмірінен біртіндеп жіберу ұсынылады.

Арт-терапия (ішкі қорқынышты сурет және құм терапиясы арқылы бейнелеу) негізінде әйел адамдар өз ішкі дүниесінде болып жатқан өзгерістерді түсініп, қабылдап, сол жолда әрекет етуді үйренеді.

Әйелдер өз қорқыныштарымен жұмыс жасау барысында, өткенді жіберіп, болашаққа үлкен сеніммен қарауға ұмтылыс жасайды.

Қорытындылай келе, бұрын ішкі қорқыныштарымен бұғатталған, босатылған энергия, құру және жасау энергиясы, ары қарай өмір сүруге қосымша энергия болып табылады.