?️Біздің орталыққа күн сайын неше түрлі тағдырлар келеді және хабарласады. Әркімнің мәселесі әр түрлі. Бірақ әрқайсының мәселесінің шешімін тауып беру, көмектесу біздің қызметкерлердің міндеті, өмірлік миссиясы. Біздің кәсіптің адамдары басқаларға қамқорлық жасауға көп уақыт пен күш жұмсайды.
⁉️Ерте ме, кеш пе, бұл шаршау мен эмоционалды күйзеліске әкеледі, сондықтан демала білу өте маңызды. Сондықтан орталық психологы қызметкерлермен ойын түріндегі тренинг өткізді.
✅Мақсаты: эмоционалды жағдайды түсіну, позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыру.
?Міндеттері:
- Қатысушылар тобында жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасау.
- Қызметкерлер арасындағы оң қарым-қатынасқа, өзара түсіністікке ықпал ету.
- Топтық бірлікті арттыру.
- Қызметкерлердің бұлшықет және эмоционалды күйзелісін жеңілдету.