Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Спортпен айналысу үшін меморандум жасалды

«Үміт» дағдарыс орталығы мен «Profit» аула клубының арасында әйелдер мен балаларға спортпен айналысу үшін меморандум жасалды.

«Үміт» дағдарыс орталығы бұл - әр түрлі өмірлік қиын жағдайларға тап болған, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жандарды қорғау мекемесі. Орталықта келушілер өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін  барлық жағдай жасалған.

Енді бұнда «Profit» аула клубының джиу-джитсу, каратэ, қазақша күрес, бокс, жауынгерлік самбо, дзюдо, өзін-өзі қорғау секілді  т.б спорт үйірмелері жұмыс істейтін болады. Бұл өз кезегінде орталықтағы балалар мен жасөспірімдерің уақытын тиімді өткізуге септігін тигізеді