2020 жылдың 28-тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі "Үміт" дағдарыс орталығының тәрбиешісі Есембаева Кәукер Тілепбергенқызы "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды.
Тәрбиеші-бұл маңызды ғана емес, сонымен қатар ерекше мамандық. Тәрбиеші актер, сценарист,дизайнер және психологта бола білу керек.Сондықтан тәрбиеші маманы болу өте қиын.Ал біздің орталықтың тәрбиешісі Кәукер Тілепбергенқызының жұмысы мүлдем күрделі. Ол қиын жағдайға түскен балаларды оқытады, үйретеді, тәрбиесін береді. Кәукер Тілепбергенқызы орталығымызға өте көп еңбегін сіңірген біліктілігі жоғары маман.
Құрметті Кәукер Тілепбергенқызы, сіздің бүгінгі алып отырған наградаңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге тек жақсылық, денсаулық, бақыт тілейміз және алдағы уақытта да орталықтың балаларына өзіңіздің тәрбиеңізді беріп жүре беріңіз!