Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Халықаралық балаларды қорғау күні

2020 жылдың 1-маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс- шара көңілді ойындардан басталды және асфальтта сурет салумен жалғасты.

Балалар еркін тақырыпта өздеріне ұнайтын суреттерді салды. Сурет салып еңбектенген балалардың барлығына шара соңында сыйлықтар таратылды. Іс-шара @club_dobryakov_astana қайырымдылық қорының қолдауымен жасалған мерекелік үстелмен аяқталды. Барша ата-аналар мен балаларды жаздың алғашқы күнімен және Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Және @club_dobryakov_astana қайырымдылық қорына балаларға арналған сыйлықтары мен мерекелік үстел үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!