Ағымдағы жылдың 20 – шілде күні Орталығымызда Ана мен Бала атты "Көңілді старт","Асық ату", "Бұқа тартыс" және "Арқан тартыс жарыстары өтті. Аталмыш жарысқа орталығымыздың қызметалушылары қатысты. Арнайы ұйымдастырылған эстафета тартысты өтті. Бүлдіршіндер жақсы көңіл күймен жарысты аяқтап, ұйымдастырушылар тарапынан берілген бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Атаулы іс-шараны ұйымдастырушылар: «Нұр- Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Нұр- Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.