Ағымдағы жылдың 19- шілде күні орталығымызға Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясының «Байқоңыр» аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенділері «Ана жүрегі» атты концерттік бағадарламасымен қонаққа келді. Талатты жастар орталығымыздың қызметалушыларымен балаларын тамаша өнерлерімен таң қалдырып, қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті.
Орталығымызға келіп көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, концертті жоғары деңгейде өткізгені үшін шынайы ілтипат пен зор алғысымызды білдіреміз.