Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Мерекелік концерт

Еліміздің бас қаласы- Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай, ағымдағы жылдың 4-ші шілде күні, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығының қызметалушыларына мерекелік концерт ұйымдастырылды.  Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы И.В Скуб және орталығымыздың директоры Г.И.Куканбеков өз құттықтау сөздерін білдіріп, іс-шараны ашып берді. Орталықтың кішкентай бүлдіршіндері мерекелік кешті, Елордаға арналған өлең жолдарынан бастап, «Елімнің жүрегі-Елорда» атты ән шырқады. Халықаралық «Шабыт» университетінің студенттеріне, сондай-ақ «Айлин»  триосына, аниматорларға, ұмытылмас көңіл-күй сыйлап, концертті жоғары деңгейде өткізгені үшін шынайы ілтипат пен зор алғысымызды білдіреміз. Нұр-Сұлтан– халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Елорданың озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Оның өсіп-өркендеуі сөз жоқ, мемелекетіміздің абыройы. Нұр-Сұлтан қаласының  туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!