Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт

2019 жылдың 31 мамыр күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концерт Нұр-сұлтан қаласының Көлік және коммуникация колледжімен бірлесіп ұйымдастырылды. Көлік және коммуникация колледждің директоры, әрі мәслихат депутаты Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы балаларды арнайы құттықтап, сыйлықтар таратты. Тамаша көңіл күймен басталған мерекелік іс шара көңілді әндермен, билермен жалғасты. Балаларға жағымды эмоциялар сыйлау -бұл өте қайырымды әрі қызықты жұмыс. Мерекелік іс шараның негізгі мақсаты да осы. Концерт өз мақсатын орындап, балаларды үлкен қуанышқа бөледі.