Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Тапқыр тышқан

2019 жылдың 23-қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" Дағдарыс орталығында "Өнер-өмір айнасы" қорының актерлері "Тапқыр тышқан"ертегісін қойды. Адамды ертегімен таныстыру оның өмірінің алғашқы жылдарынан басталады. Ертегі баланың ойын  дамытады, қиялдауға үйретеді. Ал баланың қиялдары – бала тұлғасының толыққанды дамуының маңызды шарты, оның жан саулығының кепілі.

Ертегі тек қана өмір даналығын үйретіп қана қоймай, оны емдейді, музыканы түсінуге көмектеседі. Музыка баланы жақсылық әлеміне енгізеді. Орталықтың қызмет алушылары ертегіні үлкен қуанышпен қарап шықты. "Өнер-өмір айнасы" қорының актерлеріне және оның жетекшісі Кулова Күлән Жұмашқызына алғыс білдіреміз.