Мотивациялық тренингтер бүгінгі таңда ең танымал және сұранысқа ие болып отыр.Өйткені адам қалаған мақсаттарға жету үшін ынталандыру қиын.Сондықтан үнемі түрлі психологиялық бағдарламалар әзірленеді, олардың көмегімен адам өзі үшін қанаттандыратын дүние екенін түсінеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кейін мотивациялық тернингтің маңызы өте жоғары.
Сол себепті 2018 жылдың 15 қаңтар күні «Үміт» дағдарыс орталығында қызметалушыларға мотивациялық тренинг өтті. Оның мотиватор тренері Сейітмағанбет Жанар Абадиқызы болды.
Қызмет алушылардың мотивациясы бойынша тренингтің мақсаттары:
- қажетті бағытта дамуға мүмкіндік беру;
- өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беру;
- адамның өзінде бар қасиеттерді белсендіру.