Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Жаңа жылдық шырша

2018 жылдың 28 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында Жаңа жылдық шырша өтті.  Жаңажылдық мерекеге сай безендірілген алаңда Аяз ата, Ақшақар  мен жыл иелері барлық қатысушыларға ғажайып ертегідегідей сезім сыйлады. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлері Микки-Маус, Пираттар, Перілер өнер көрсетті.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Оспанов Ермек Сабырбекұлы балаларды жаңа жылмен құттықтады. Жаңа жылдық шыршадан балалар үлкен әсер алды. Мерекенің соңында балаларға сыйлықтар табысталды. Қызметалушылар өткен шыршаға дән риза.