Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Белсенді іс-қимылдың 16 күні

Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығы"КММ  Астана қаласы жергілікті полиция басқармасымен бірлесіп ағымдағы жылдың 27 қарашасында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «белсенді іс-қимылдың 16 күні" ақпараттық-насихаттау акциясын өткізді.

   Елорда тұрғындары мен қонақтарына зорлық-зомбылық және кемсітушілік мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар мен буклеттер таратылды. Мұқтаж азаматтарға неке мен отбасын сақтау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынасты түзету бойынша заңдық, психологиялық көмек көрсетілді.

     Аталған іс – шараның мақсаты-азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік кеңес беру, халықтың қалың жігін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, сондай-ақ бар Сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы халықты ақпараттандыру.