2018 жылдың қараша айының 20-күні «Үміт» дағдарыс орталығының психологы Базарбай Алтын «Тайм-менеджмент негіздері» атты тақырыпта қызмет алушыларға тренинг өткізді. Бұл тренингтің мақсаты-уақытты ұйымдастыру технологиясы және оны пайдалану тиімділігін арттыру.
Уақытты басқару нақты міндеттерді, жобалар мен мақсаттарды орындау кезінде қолданылатын бірқатар дағдыларды, құралдар мен әдістерді үйренуге көмектесе алады. Тренинг қызмет алушылардың көңіл-күйін көтеріп, зейінін арттыру үшін сергіту жаттығуларынан басталды. Екінші кезең қызмет алушылардың мақсаттарын анықтау болды, жане оларға жету үшін тиімді уақытты ұйымдастыру жолдары түсіндірілді. Жалпы тренинг қызмет алушыларға қатты ұнады. Олар өздерінің уақыттарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсінді.