2018 жылдың 2 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» Дағдарыс орталығы», «Клуб Добряков Астаны» қоғамдық бірлестігі және «БлагоДарю Астана» қоғамдық қорымен бірлесіп, тамыз айында туған орталықтағы бүлдіршіндерді құттықтауға арналған «Туған күн мерекесі» атты іс-шара өткізді. Әр түрлі жас топтарындағы балаларды құттықтау үшін аниматорлар келіп, мерекемізді көңілді етті.
Еріктілер туған күн иелеріне арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстаса, ал балалар өз кезегінде дайындаған «туған күніңмен» атты ән орындады, әрқайсысы туған күн иелеріне өз тілектерін білдіріп, сондай-ақ бәрі бірге әуенмен мың бұралып, көңілді ойындар ойнады. Мереке демеушілермен ұйымдастырылған дәмді мерекелік үстелмен жалғасты. Балаларға бұл кеш, әсерлі сезімдер мен ұмытылмас көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Клуб добряков Астаны», «БлагоДарю Астана» ұйымдарының еріктілерімен демеушілеріне, аниматорларға шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз.