Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

«Ғажап-мүсін» сабағы

Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ-де күнделікті тәрбиелік жұмыс барысында балалармен әртүрлі сабақ түрлері өтеді. Көпшілік балалар шығармашылықпен байланысты барлық сабақ түрлерін ұнатады, соның ішінде орталықтағы балалар үшін ерекше орын алатын «Ғажап-мүсін» сабағы.

Мүсіндеу- шығармашылықты, ұсақ қол моторикасын, кеңістікте ойлау қабілетін, түс пен пішіндер туралы түсінігін дамытатын маңызды сабақ болып табылады. Сонымен қатар, балалардың жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді. Мүсіндеу процессі стресстен арылумен, агрессиямен күресуге, әріптер мен сандарды үйренуге ықпал етеді. Ол арқылы бала көркемдіктің заңдары бойынша көруді, сезінуді, бағалауды қалыптастырады.