Монтессори- баланың танымдық процесстерінің дамуына көмегі өте зор құрал. Өйткені бала, қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан баланың сипап сезу, көру, пішіндердің көлемі мен түсін ажырата білу сынды танымдық процестерін жетілдіреді.
Жұмыс барысында, орталықтың психологы Жазира Қурбаналиқызы жоспарға сәйкес бұл әдісті қызметалушы балаларға жеке-жеке қолданады. «Монтессори бүгінгі күні балалардың дамуының ең тиімді әдісі болып отыр.
Зорлық зомбылықтың куәсі болған балалар, дидактикалық материалдармен ойнай отырып, бірыңғайлай отырып, бала өзінің ішкі дүниесін реттейді, өз эмоциясын талдап үйренеді, өзінің өмірлік тәжірибесін жүйелейді», дейді психолог.