Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Абаттандыру және көгалдандыру

Астананың заманауи қала ретінде маңызды мағынасы қаланы абаттандыру және көгалдандыру болып табылады. Адам баласы қоршаған ортасын қанша көркейтсе де, табиғаттың тамашасы және пайдалығына ештене жетпейді.

Өсімдіктер тек көзайымын шаттандырмай қоймай экология мен адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді. Осыған орай Астана қаласы «Үміт» дағдарыс орталығында» 2018 жылдың 8 маусымында қызметалушылар мен орталық ұжымы бірігіп орталық алаңды абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Балалар - өмір гүлі демекші атқарылған жұмыстар орталықтың балаларына ерекше ұнады.