Ағымдағы жылдың 7 маусымында Астана қаласы «Үміт» дағдарыс орталығында» Г.Т Абдрасилова орталық медбикесі менингит инфекциясын алдын-алу шаралары жөнінде семинар өткізді.
Қазақстанда жыл басынан бұл инфекциялық аурудан 13 адам көз жұмды. Ауруға шалдыққан науқастар басымдылығы Алматы қаласының тұрғындары болып табылады. Қазіргі уақытта денсаулық қорғау министрлігі «Қазақстанның барлық облыстарында менингиттен алдын алу шаралары мәселесі жөнінде жедел байланысу орталықтары іске қосылып, тәулік бойы инфекционист және эпимиолог дәрігерлері халықтың сұрақтарына жауап беретінін, кеңес айтатынын» хабарлады. Семинарда бұл ауыр аурудың вакцинациямен алдын алудың тәжірибелі диагностикасымен бөлісті. Сонымен қатар медбике күнделікті қол жетімді алдын алу шараларға: тұрғын бөлменің ауаның алмасуын, міндетті таза ауада серуендеу, қолды жуу, мұрын және тамақты шаю процесстерін қадағалау керек екендігін түсіндірді.