2018 жылдың 4 маусымында Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында» халықтың цифрлық біліктілігін арттыру мақсатында алғашқы оқу семинары өткізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2017 жылдың 12 желтоқсандағы № 827 бекітілген қаулысына сәйкес мемлекеттік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ұйымдастырылды. Оқу төрт бағыт бойынша жүргізіледі: базалық есепке икемділік, ашық үкімет, электронды сауда, электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер.Оқытудың мақсаты олардың кәсіби және күнделікті өмірде қолдану болып табылады, оқу процессі 2018 жылдың 30 маусымына дейін созылады және семинар аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы сертификатқа ие болады. Жаттықтырушы болып С.Ж Нурушев, С.А Жолдасова, А.О Алпысова қызмет атқаруда. Бүгінгі күні оқу - семинарын 40 адам аяқтап, оларға орталық директорының атынан сертификат табыс етілді.