Астана қаласы «Үміт» дағдарыс орталығында» 2018 жылдың 4 маусымында тәрбиеші Есембаева К.Т. ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында сөйлесу сабағы өтті.
Сабақ басында орталығымыздың бүлдіршіндері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраның қолдарын жүректеріне қойып намыспен орындап шықты.Тәрбие маманының айтқандарын үзілмей тындап, қойылған сұрақтарға мұқият жауап берді.Біздің егеменді тәуелсіз елде тұрып жатқанымыз үшін елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ризашылықтарын білдіріп те қойды.