2018 жылдың 29 мамырында «Көлік және коммуникация колледжі» студенттері мен директоры қалалық маслихатының депутаты Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы , Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығына» келді.
Орталық бүлдіршіндерін мерекемен құттықтап игі тілектерін білдірді. Әр балаға естелік сыйлықтарын табыс етіп, жүректеріне қуаныш сезімін сыйлады. Орталығымыздың бүлдіршіндеріне қолдау көрсетіп, әрқашан демеу болып, салып жатқан үлесі үшін Гаипов Зулфухар Сұлтанұлына үлкен алғысымызды білдіреміз.