Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

«Өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру»

Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы КММ-де психолог Сұлтанбекова Ж.Қ-ның ұйымдастыруымен әріптестер арасында «Өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру» тақырыбында тренинг өтті.

Өзін-өзі бағалау – өзгелердің пікірі арқылы және өзіне сырт көзбен қарау арқылы деңгейін анықтай алуы. Адамның өзіне берер бағасы, сенімділігі жоғары болса, кез келген қиындықтан оңай шыға біледі. Әріптестердің бағалау деңгейін арттыру мақсатында психолог бірнеше қызықты жаттығулар мен әдістемелер жүргізді, соның бірі «Мен шебермін» әдістемесі. Бұл әдістеменің мақсаты жұмыста кездесетін сан –қырлы мәселелерді кедергісіз шешуге, әрқашан білімі мен өзіне деген сенімділігі арқасында биік шындарға қол жеткізуге болатындығы айтылды.