Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

9 мамыр – Жеңіс күніне орай тәрбие сағаты өтті.

Ағымдағы жылдың мамыр айының 4-і күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс ортлығы» КММ-сі «9 мамыр – Жеңіс күніне» орай  орталығымызда тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Тарихын білмегеннің – келешегі жоқ» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. 

Өзінің қайғы-қасіреті мен зардаптары жөнінен бұл соғыс адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болды. Біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік. 

Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз.

Отанымыздың тарихында алтын әріптермен жазылған бүгінгі қастерлі күні біздер соғыста еліміз үшін қыршын өмірлерін қиып, елге оралмаған боздақтарды еске алып, олардың өшпес рухтарына бас иіп, бүгінгі ұрпаққа мақтан етуіміз керек.