Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «1 Мамыр – бірлік күніне» орай мерекелік шара өтті.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 27 – сі күні «Дағдарыс орталығында» «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген орталық, мерекелі тірлік жасаудан жалықпайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған мемлекеттік мекеме үшін, бұл мейрамның орны ерекше.
Осы орайда мерекелік кешіміздің шымылдырығын ашқан, Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Көлік және коммуникация колледжінің» директоры Гаипов Зұлфухар Сұлтанұлы, «Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нiң бас маманы Тыныбекова Г. және Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы КММ-нің директоры Куканбеков Ғ.И. «Дағдарыс орталығының» ұжымы мен қызметалушыларын «1 Мамыр – Бірлік күнімен» құттықтап, өз ізгі-тілектерін білдірді.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
Арнайы «Бірлік күніне» ат басын бұрып, кешімізді көрікті де көркем ету мақсатында келген Астана қаласының №61 орта мектебі мен Транспорт және коммуникация колледжіне алғысымызды білдіреміз.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, жер демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!